
Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасының ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, әріптестер, сайт қонақтары! Сіздерді біздің интернет-ресурсымызда қарсы алуға қуаныштымын!Біздің балабақша – әр бала өзін қауіпсіз сезініп, қабілеттерін ашып, жан-жақты дамитын жылы әрі қамқор орта.Мұнда өз ісін шын жүректен сүйетін, кәсіби тәрбиешілер жұмыс істейді.Бұл сайт ата-аналармен және қоғаммен ашық әрі тиімді байланыс орнату мақсатында құрылды.Мұнда сіздер балабақша өмірінен жаңалықтарды, бағдарламалар мен жобалар туралы ақпаратты, тәрбиеленушілер мен педагогтердің жетістіктерін таба аласыздар. Біздің балабақшаға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Ынтымақтастығымыз жемісті болсын! Құрметпен, Ержанова Анар Газизовна МКҚК «Жұлдыз» балабақшасының меңгерушісі Көкшетау қаласы
01.06.2026
Көкшетау жағалауындағы жарқын балалық шақ мерекесі
Бүгін 1 маусым айында Көкшетау қаласының жағалауында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Біздің тәрбиеленушілеріміз мерекелік бағдарламаға белсене қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Мерекенің...
01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым күні балабақшада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі көңілді мереке өтті. Тәрбиеленушілер үшін ойындар, билер мен ертегіге толы тосынсыйларға бай қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Балабақша педагогтері, тәрбиешілері мен...
01.06.2026
Хабарландыру
29.05.2026
«Балабақшамыздың жас чемпионы»
Көкшетау қаласындағы КММ ОБЖСМ «Оқжетпес» спорт кешенінде жас спортшылар арасында жас ерекшелік санаттары бойынша жекпе-жек турнирі өтті. Жарысқа қала мен облыстың спорт клубтары мен секцияларының тәрбиеленушілері қатысты.
Турнирге біздің балабақшамыздың...
28.05.2026
Педагогикалық кеңес № 5
2026 жылдың 28 мамыр күні балабақшада «Педагогикалық рефлексия» тақырыбында қорытынды №5 педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты – жылдық жоспардың орындалу сапасына талдау жасау, оқу жылы бойынша ұжым жұмысының қорытындысын шығару және...
22.05.2026
Қош бол, балабақша!
Балабақшамызда көптен күткен мектепалды топтарының бітіру ертеңгіліктері жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шаралар көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылып, балаларға, ата-аналарға және педагогтерге ерекше әсер сыйлады.
Тәрбиеленушілер мерекенің нағыз жүргізушілері...
15.05.2026
Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері талқыланды
Балабақша меңгерушісі, әдіскер және әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі меңгеруші орынбасары ұжыммен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ержанова Анар Ғазизовна қызметкерлерді жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысты ұйымдастыру және мекеменің негізгі...
13.05.2026
«Балалардың шығармашылық әлемі»
Ересек логопедиялық тобындағы пластилинография — мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын, сөйлеу тілін, қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін дәстүрден тыс сурет салу техникасы.
Сабақ барысында балалар пластилинді жаю,...
12.05.2026
«Тәртіпті бала – бақытты бала» спорттық мерекесі
«Тәртіпті бала – бақытты бала»
Ұлттық ойындар арқылы балалар тек қимыл-қозғалыс жасап, дене дамуын жетілдіріп қана қоймай, бір-бірін құрметтеуге, ережелерді сақтауға, ұйымшылдық пен жауапкершілікке де үйренді. «Заң мен тәртіп бала көзімен» тақырыбы...
06.05.2026
Балдырғандар шеруі
Балабақшада 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке патриоттық рухта, әскери қызметке құрмет пен Отанға деген мақтаныш сезімінде ұйымдастырылды.
Әр топта жасақтар құрылып, жасақ командирлері рапортты сенімді әрі нақты тапсырды....