Текст
Тегін тамақтандыру
Құрметті ата-аналар!
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленетін балалардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру қарастырылғанын еске саламыз.
Тегін тамақтану құқығына келесі санаттағы балалар ие:
- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балалары;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және заңнамада көзделген басқа да санаттар.
Тегін тамақтандыруды рәсімдеу үшін ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланың аталған санатқа жататынын растайтын құжаттарды балабақша әкімшілігіне тапсыру қажет.
Тегін тамақтандыру мәселелері бойынша балабақша әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Балабақша әкімшілігі.