Текст
Мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық аясында балабақшаның мектепалды топтардың тәрбиеленушілері жалпы білім беретін мектепке экскурсия жасады. Балаларға мектеп сыныптарын, спорт залын, кітапхананы көрсетті. Болашақ бірінші сынып оқушылары ұстаздармен сөйлесіп, партада отырып, өздерін оқушы ретінде сынап көрді.
Мұндай іс-шаралар балалардың мектеп алдындағы қорқынышын жеңуге көмектесіп, оң көзқарас қалыптастырып, жаңа ортаға бейімделуіне ықпал етеді.













