Әдістемелік кеңес отырысы № 2.
Өткізілген күні: 2025 жылғы 18 желтоқсан
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету»
Мектепке дейінгі ұйымда педагогтердің кәсіби дамуына және әдістемелік жұмысты жетілдіруге арналған № 2 әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Отырыс барысында педагогтерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың өзекті бағыттары, сондай-ақ аттестациядан өтіп жатқан педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мәселелері қарастырылды. Педагогтердің біліктілігін арттыру мен кәсіби өсуіндегі заманауи қажеттіліктерді анықтауға ерекше назар аударылды. Педагог-психолог Мусаинова Асем Амангельдиновна пен тәрбиеші Калина Айгерым Сериковна педагогтердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, инновациялық жұмыс түрлерін енгізудің, психологиялық-педагогикалық қолдаудың және кәсіби тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы педагогикалық технологиялар мен әдістерді енгізу және жетілдіру жолдары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты одан әрі дамытуға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған негізгі бағыттар айқындалды.













