"Ғажайып қонақтар"

"Жұлдыз" балабақшасындағы цирк ғажайыптары

14 қараша күні біздің балабақшаға Астана қаласының Мемлекеттік циркі келіп, тәрбиеленушілерге арналған қызықты бағдарлама ұсынды.

Артистер балаларға нағыз мереке сыйлады: көгершіндермен керемет трюктер, жұмсақ әрі сүйкімді шиншиллалар, сондай-ақ қызықты сиқырлар көрермендерді таңғалдырды.

Балалар әрбір нөмірді қызығушылықпен тамашалап, шын жүректен қуанып, қол шапалақтап отырды. Мұндай іс-шаралар бүлдіршіндердің қиялын дамытып, жүректеріне қуаныш пен шаттық сыйлайды.

Керемет өнер көрсеткен артистерге алғысымызды білдіреміз! Цирк әлемімен келесі кездесуді асыға күтеміз!

Текст