Математика әлеміне шолу

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК №7 «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобында «Таным» білім беру саласының математика негіздерінен 13.04.22 жылы қорытынды  ҰОҚ  өтті. Өткізген тәрбиеші Молдахметова Гүлмайра Таласовна.

Тақырыбы:  «Математика әлеміне шолу» деп аталды.

Мақсаты: балалар жыл бойы өткен білімдерін тиянақтайды. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды есептейді, қосу, азайту амалдарын орындайды және  салыстырады. Геометриялық пішіндерді табады. Балалармен алдын – ала мынандай жұмыстар орындалды. Сандарға байланысты тақпақтар жаттау, математикалық есептер шығаруды үйрету. т.б. Сонымен қатар көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын, математикалық жұмбақтар, тақпақтар жайлы әдіс – тәсілдер қолданылды.

 

 

 

 

 

 

Текст