Текст
«Шығармашылық» апталығы: Қуыршақ театры күні
Балабақшада өткен «Шығармашылық» апталығы аясында Қуыршақ театры күні қызықты әрі әсерлі өтті. Балалар «Менің сүйікті достарым» атты достық, қамқорлық пен өзара көмекті насихаттайтын қуыршақ қойылымына қатысты.
Тәрбиеленушілер ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін ойнап, сюжеттік-рөлдік ойынға белсене араласты. Бұл шара балалардың қиялын, сөйлеу тілін және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Қуыршақ театры балаларға шығармашылық қуаныш сыйлап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.