«Шығармашылық» апталығы
«Менің сүйікті кейіпкерім» күні
Бүгінгі күн балалар үшін ерекше әсерлі әрі шабытты өтті. «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбы аясында тәрбиешілер мен балалар түрлі шығармашылық әрекеттерге белсенді қатысты. Балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, пластилиннен мүсіндер жасап, сүйікті кейіпкерлерін қағаз бетіне түсірді.
Әр бала өз кейіпкерінің дауысын келтіріп, мәтінді дауысымен оқуға тырысты — бұл балалардың тілін дамытуға, қиялын кеңейтуге және өз ойын еркін жеткізуіне ықпал етті. Сонымен қатар, ертегілерді бірге тыңдап, көрініс қойып, оның кейіпкерлері туралы әңгімелестік. Бұл балалардың сөйлеу мәдениетін, эмоциясын білдіруін және әлеуметтік дағдыларын дамытты.
Осындай креативті күн балалардың ішкі әлемін ашуға, өздерін еркін әрі сенімді сезінуіне үлкен мүмкіндік берді.