«Ғажайыптар елінде» апталығы.
«Бір, екі, үш — күш жина!» күнінің тақырыбы
«Ғажайыптар елінде» атты тақырыптық апталық аясында балабақшамызда «Бір, екі, үш — күш жина!» атты белсенді де қызықты күн өтті. Бұл күн балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге және қимыл-қозғалыс белсенділігін нығайтуға арналды.
Таңертең балалармен «Дене шынықтыру не үшін қажет?» деген тақырыпта әңгіме өткізілді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, қандай жаттығуларды ұнататынын, қалай жүгіріп, секіріп, достарымен ойнағанды жақсы көретінін айтып қуанды.
Одан кейін балалар көңілді жарыстарға, спорттық эстафеталарға белсене қатысты. Серуен кезінде тәрбиешілер ұлттық ойындарды ұйымдастырды. Асық ату, ақ серек – көк серек сияқты қазақтың ұлттық ойындары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ, балалар дене жаттығуларын орындап, ептіліктерін, төзімділіктерін және қозғалыс үйлесімділігін дамытты. Күн көтеріңкі көңіл-күймен, шаттыққа толы өтті.
Мұндай іс-шаралар балабақша тәрбиеленушілерінің қимыл белсенділігін арттырып қана қоймай, командалық рухты, спортқа деген сүйіспеншілікті де қалыптастырады.