Педагогикалық кеңес №1
Тақырыбы: «2025–2026 оқу жылындағы тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру»
ГККП «Жұлдыз» балабақшасында жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогикалық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Кеңестің мақсаты 2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жоспардың мазмұнымен таныстыру және педагогикалық ұжымды жылдық міндеттерді шешуге бағыттау.
Кеңес педагог-психолог Мусаинова А.А. жүргізген «Педагогикалық күн шуағы» атты тренинг-ойынмен басталды. Бұл жаттығу жылы атмосфера құруға, ұжымды біріктіруге және жаңа оқу жылына оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қарастырылды:
1. Жазғы сауықтыру кезеңінің жұмысы талданып, қорытындылар ұсынылды (Омарова А.С., Кошанова С.С.);
2. Жаңа оқу жылына дейінгі дайындыққа жүргізілген фронтальды бақылау нәтижелері ұсынылды (Абдрахманова А.М.);
3. Жылдық жоспар таныстырылып, бекітілді;
4. Мынадай құжаттар мен жоспарлар бекітілді:
– ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі;
– күн тәртібі;
– жұмыс бағдарламалары, перспективалық жоспарлар, үйірме жұмыстарының желісі;
– маман-педагогтердің жеке жоспарлары.
5. Аттестаттау комиссиясының, әдістемелік кеңестің, шығармашылық топтың, педагогикалық кеңес пен педагогикалық этика кеңесінің құрамы бекітілді;
6. №1 нұсқаулықпен таныстыру жүргізілді.
Педагогикалық кеңес іскерлік әрі нәтижелі атмосферада өтті. Балабақша ұжымы жаңа оқу жылына үлкен шабытпен және тың мақсаттарға ұмтылуға дайын.