Текст
Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған апта
5 қыркүйек пен 12 қыркүйек аралығында балабақшамызда Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған апталық өтті. Апталықтың мақсаты – балаларға ана тілін құрметтеуді үйрету, басқа ұлттардың тілі мен мәдениетіне қызығушылық пен төзімділік қалыптастыру.
Апта аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
– Қазақстанда тұратын ұлттар мен олардың тілдері туралы әңгімелер;
– Түрлі тілдерде ертегілер мен өлеңдер оқу;
– Тақырыптық ойындар мен викториналар;
– Ұлттық әндерді тыңдау;
Барлық іс-шаралар достық пен бірлікте өтіп, балаларға жағымды әсер мен жаңа білім сыйлады.