1 Қыркүйек – Білім күні балабақшада
1 қыркүйек күні біздің балабақшада жарқын да қуанышты мереке – Білім күні атап өтілді. Бұл күн жаңа оқу жылының басталуын білдіріп, балалар үшін қызықты жаңалықтар мен жетістіктерге жол ашты.
Топ тәрбиешілері балалармен бірге балабақша, достық, білім алу, тәртіп ережелері туралы тәрбиелік әңгімелер өткізді. Мерекелік көңіл-күйді түрлі ойындар, әндер мен билер толықтырды. Балаларға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп, «Білім еліне» қызықты саяхат жасалды.
Балалар түрлі сайыстарға белсенді қатысып, жұмбақтар шешіп, сурет салып, жазғы демалыстары жайлы әңгімелесті. Бұл күн бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа нәрселерге деген қызығушылық сыйлады.
Білім күні – баланың білімге, дамуға және достыққа апарар үлкен жолының бастауы!