Текст
14.11.2025
«Ұлттық ойындар — көңілді әрі пайдалы!»
Балабақшада дене шынықтыру нұсқаушылары Акимжанова Жазира Бекахметқызы мен Темірбулатова Айгерім Саятовнаның қатысуымен ұлттық ойындар бойынша сабақтар өткізілді. Балалар «Асық ату», «Теңге алу», «Көкпар», «Бестемше» және басқа да қимылды қазақтың ұлттық ойындарына қуана қатысып, белсенділік танытты.
Бұл ойындар балалардың қимыл-қозғалысын, ептілігін, үйлесімділігін дамытып қана қоймай, олардың салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке деген құрметін, ұжыммен әрекеттесу қабілетін тәрбиеледі. Іс-шара өте көңілді, қызықты өтіп, балалардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.