25.11.2025
Тақырыбы: «ЕББ бар балалардың танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамытудағы тиімді технологиялар»
Бүгін біздің балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыста қолданылатын заманауи технологияларға арналған семинар-практикум өтті.
Өз тәжірибесімен логопед Кабдулинова Айгүл Құрманәлиевна бөлісті.
Педагогтер сенсорлық интеграция, мультимодальды оқыту, визуалды қолдау, ТРИЗ, логоритмика, нейропсихологиялық жаттығулар және интерактивті ресурстармен танысты.
Тәжірибелік квест-ойын арқылы қатысушылар технологияларды іс жүзінде қолдануды меңгерді.
Balametrics балансирлеу кешені таныстырылып, оның мүмкіндіктері көрсетілді.
Семинар педагогтердің қызығушылығын арттырып, кәсіби тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
Балалардың дамуына қызмет ететін жаңа технологияларды қолдануға дайынбыз!