«Балаларды сүйетін ата-аналар клубы» (онлайн- отырысы)

16.03.2026

2026 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Zoom платформасында «Балаларын сүйетін ата-аналар клубының» онлайн отырысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жиналыс барысында ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін сақтау, баланың дамуына қолайлы әрі қауіпсіз орта құру, сондай-ақ ересектердің жеке үлгісінің балалардың мінез-құлқы мен заңға бағынушылық дағдыларын қалыптастырудағы маңыздылығы қарастырылды.

Ата-аналар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бала тәрбиесі мен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар алды.

Кездесу қорытындысы бойынша ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруда және балабақша мен отбасы арасындағы серіктестік қатынасты нығайтуда осындай іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді.

 

Просмотров: 2621


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст