«Тәртіпті бала – бақытты бала» спорттық мерекесі

12.05.2026

«Тәртіпті бала – бақытты бала» 

Ұлттық ойындар арқылы балалар тек қимыл-қозғалыс жасап, дене дамуын жетілдіріп қана қоймай, бір-бірін құрметтеуге, ережелерді сақтауға, ұйымшылдық пен жауапкершілікке де үйренді. «Заң мен тәртіп бала көзімен» тақырыбы аясында тәрбиеленушілер тәртіптің қарапайым ережелерден басталатынын түсінді: өз кезегін күту, достарына көмектесу, адал болу және айналасындағыларды құрметтеу. Әрбір ойын балалар үшін тәртіптің, достықтың және өзара түсіністіктің шағын сабағына айналды ✨ Біз үшін мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында ережелерді сақтау – татулық пен сыйластықтың негізі екенін қалыптастыру маңызды ❤️ Ұлттық дәстүрлерге сүйіспеншілікті тәрбиелей отырып, мәдениетті мінез-құлықты қалыптастырып, дені сау ұрпақ тәрбиелейміз 💫

Просмотров: 7801

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст