Текст
15.05.2026
Балабақша меңгерушісі, әдіскер және әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі меңгеруші орынбасары ұжыммен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ержанова Анар Ғазизовна қызметкерлерді жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысты ұйымдастыру және мекеменің негізгі міндеттерімен таныстырды. Абдрахманова Айсұлу Мәулиевна педагогикалық ұжымды жұмыс жоспарымен, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жазғы іс-шараларды өткізу бойынша ұсынымдармен таныстырды. Жакажева Умут Даулетқызы қызметкерлерді қауіпсіздік техникасы ережелерімен, еңбек қауіпсіздігі талаптарымен, өрт қауіпсіздігі талаптарымен, сондай-ақ жазғы кезеңде тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау шараларымен таныстырды.