29.05.2026
Көкшетау қаласындағы КММ ОБЖСМ «Оқжетпес» спорт кешенінде жас спортшылар арасында жас ерекшелік санаттары бойынша жекпе-жек турнирі өтті. Жарысқа қала мен облыстың спорт клубтары мен секцияларының тәрбиеленушілері қатысты.
Турнирге біздің балабақшамыздың атынан «Гүлдер» логопедиялық тобының тәрбиеленушісі Жұмабай Дияр қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жас спортшы өзінің табандылығын, батылдығын және жақсы дайындығын көрсете білді. Финалдық кездесуде қарсыласын жеңіп, жеңімпаз атанды.
Жұмабай Диярды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта жаңа жетістіктер, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Сонымен қатар ата-анасы мен жаттықтырушыларына қолдау көрсетіп, спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырғандары үшін алғыс білдіреміз.