Ынтымақтастық туралы меморандум
01.09.2026
Ынтымақтастық туралы меморандум
«Жұлдыз» балабақшасы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында №17 мектеп-гимназиясымен жыл сайын тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп келеді.
2026–2027 оқу жылына ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандум қайтадан жасалып, педагогикалық ұжымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, тәрбиеленушілерді мектепке табысты дайындауға және олардың мектептегі оқу үдерісіне бейімделуіне бағытталды.
Бірлескен жұмыс аясында жыл сайын түрлі іс-шаралар, педагогтердің кездесулері, бірлескен консультациялар және білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар жүргізіледі.
Алдағы уақытта да өзара тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастығымыз тәрбиеленушілеріміздің жан-жақты дамуына және олардың жаңа білім беру кезеңіне сапалы дайындалуына өз үлесін қосады деп сенеміз!